Цифрлық экрандарға жарнама орналастырмас бұрын ұсыныс анық оқыла ма, кадрда не назар аударады — соны тексеріп алған дұрыс.
Analyzer by METER креативті бағалауға және түзетулерді дайындауға көмектеседі. GEOMOTIVE-де бұл құралды роликтер көрсетілімге шықпай тұрып қолданамыз. Онымен қалай жұмыс істеуге болатынын Kia Sportage мысалында көрсетеміз.
Роликтің соңғы нұсқасын жүктеңіз
Ашыңыз: analyzer.meter.ad Телефон нөміріңізді енгізіп, Telegram-ға келген кодпен кіріңіз. «Жаңа талдау» түймесін басып, есеп тілін таңдаңыз да, видеоны жүктеңіз.
Қажет болса, METER әмиянына талдауға арналған кредит қосып, талдауды бастаңыз. Дайын есеп «Нәтижелер» бөлімінде шығады.
Соңғы мәтіндер, логотип және бренд ұсынысы қойылған нұсқаны жүктеңіз.
Есепті Kia мысалында қарап шығыңыз
Kia Sportage ролигін талдағанда креативтің экранда берілу сапасы 100-ден 81, қаріптің оқылуы 96, ал түс контрасты 94 балл алған. Роликті түзеткенде осы жақсы тұстарын сақтап қалған дұрыс.
Экранда берілу сапасы
Қаріптің оқылуы
Түс контрасты
Нені жақсарту керек
Қаріптің жақсы оқылуы мәтін міндетті түрде назар аймағына түседі деген сөз емес. Бұл есепте мәтіннің назар шоғырланған жермен байланысын және түстер үйлесімін жақсарту керек.
Көрсетілім алдындағы креатив индексі тек расталған факторларды есепке алады. Деректермен қамтылуы — 70%; жетіспейтін көрсеткіштер нөл деп саналмайды. Бұл есепте брендтің көрінуіне баға берілмеген.
Болжамды назар картасында көлік айналасындағы аймақ анық көрінеді. Бренд үшін келесі сұрақ: баға, модель атауы мен логотип жеткілікті назар ала ма? Мұны түсіну үшін бір кадрға ғана қарамай, белгіленген роликті толық көріп шыққан пайдалы.
Көлік назар аудартады. Ал баға, модель атауы мен логотип көзге түсе ме?
Есепті дизайнерге беріңіз
Kia ролигіне қатысты сервис мәтінді назар аймақтарымен жақсырақ байланыстыруды, түс палитрасын нақтылауды және қауіпсіз шеттерді тексеруді ұсынады. Бренд осы ескертулерді дизайнерге арналған қысқа тапсырмаға айналдыра алады:
- 01Бағаның орналасуы
Баға көлікке қатысты қай жерде тұрғанын тексеріңіз.
- 02Мәтіннің шеттен қашықтығы
Мәтін мен кадр шеттерінің арасындағы қашықтықты тексеріңіз.
- 03Түстер үйлесімі
Күшті контрастты сақтай отырып, палитраны жақсартыңыз.
Түзеткеннен кейін жаңа нұсқаны жүктеп, сол көрсеткіштерді салыстырыңыз. Ұсыныстың бірнеше нұсқасын дайындасаңыз, әрқайсын бөлек тексеріңіз: баға, мәтін немесе соңғы кадр өзгерсе, композиция да өзгереді.
Осылайша маркетолог креативті келісуге қажет дәлелдер алады, ал дизайнер ролик операторға жіберілмей тұрып не істеу керегін нақты біледі.
Бағалар мен назар картасы креативті тексеруге көмектеседі; жарнама нәтижелері мен сатылым бөлек бағаланады.