КРЕАТИВ · СЫРТҚЫ ЖАРНАМА

Сыртқы жарнамаға арналған роликті көрсетілім басталмай тұрып қалай тексеруге болады

Analyzer by METER Kia Sportage мысалында

Роликтен нақты түзетулерге дейін ↓
КРЕАТИВТІ КӨРСЕТІЛІМГЕ ДЕЙІН ТЕКСЕРЕМІЗAnalyzer by METER

Kia Sportage ролигі: болжамды назар аймақтары белгіленген. Толық көру үшін ▶ түймесін басыңыз.

Цифрлық экрандарға жарнама орналастырмас бұрын ұсыныс анық оқыла ма, кадрда не назар аударады — соны тексеріп алған дұрыс.

Analyzer by METER креативті бағалауға және түзетулерді дайындауға көмектеседі. GEOMOTIVE-де бұл құралды роликтер көрсетілімге шықпай тұрып қолданамыз. Онымен қалай жұмыс істеуге болатынын Kia Sportage мысалында көрсетеміз.

01 / ДАЙЫНДЫҚ

Роликтің соңғы нұсқасын жүктеңіз

Ашыңыз: analyzer.meter.ad Телефон нөміріңізді енгізіп, Telegram-ға келген кодпен кіріңіз. «Жаңа талдау» түймесін басып, есеп тілін таңдаңыз да, видеоны жүктеңіз.

MP4 · MOV · WebM50 МБ-қа дейін

Қажет болса, METER әмиянына талдауға арналған кредит қосып, талдауды бастаңыз. Дайын есеп «Нәтижелер» бөлімінде шығады.

«Жаңа талдау» терезесі: тілді таңдау және роликті жүктеу. Түпнұсқа интерфейс орыс тілінде.
Көрсетілімге шығатын нұсқаны тексеріңіз.

Соңғы мәтіндер, логотип және бренд ұсынысы қойылған нұсқаны жүктеңіз.

02 / МЫСАЛДЫ ТАЛДАУ

Есепті Kia мысалында қарап шығыңыз

Kia Sportage ролигін талдағанда креативтің экранда берілу сапасы 100-ден 81, қаріптің оқылуы 96, ал түс контрасты 94 балл алған. Роликті түзеткенде осы жақсы тұстарын сақтап қалған дұрыс.

81/100

Экранда берілу сапасы

96/100

Қаріптің оқылуы

94/100

Түс контрасты

Нені жақсарту керек

Түстер үйлесімі48 / 100
Мәтіннің назар аймақтарына сәйкестігі11 / 100

Қаріптің жақсы оқылуы мәтін міндетті түрде назар аймағына түседі деген сөз емес. Бұл есепте мәтіннің назар шоғырланған жермен байланысын және түстер үйлесімін жақсарту керек.

PDF-есептен үзінді: идея мен креативтің экранда берілуін бағалау. Түпнұсқа есеп орыс тілінде.
75/100 — идеяның ішінара бағасы.

Көрсетілім алдындағы креатив индексі тек расталған факторларды есепке алады. Деректермен қамтылуы — 70%; жетіспейтін көрсеткіштер нөл деп саналмайды. Бұл есепте брендтің көрінуіне баға берілмеген.

Болжамды назар картасында көлік айналасындағы аймақ анық көрінеді. Бренд үшін келесі сұрақ: баға, модель атауы мен логотип жеткілікті назар ала ма? Мұны түсіну үшін бір кадрға ғана қарамай, белгіленген роликті толық көріп шыққан пайдалы.

Көлік назар аудартады. Ал баға, модель атауы мен логотип көзге түсе ме?
03 / ТҮЗЕТУЛЕР

Есепті дизайнерге беріңіз

Kia ролигіне қатысты сервис мәтінді назар аймақтарымен жақсырақ байланыстыруды, түс палитрасын нақтылауды және қауіпсіз шеттерді тексеруді ұсынады. Бренд осы ескертулерді дизайнерге арналған қысқа тапсырмаға айналдыра алады:

  • 01
    Бағаның орналасуы

    Баға көлікке қатысты қай жерде тұрғанын тексеріңіз.

  • 02
    Мәтіннің шеттен қашықтығы

    Мәтін мен кадр шеттерінің арасындағы қашықтықты тексеріңіз.

  • 03
    Түстер үйлесімі

    Күшті контрастты сақтай отырып, палитраны жақсартыңыз.

Орыс тіліндегі түпнұсқа есептен бақылаулар мен ұсыныстар.

Түзеткеннен кейін жаңа нұсқаны жүктеп, сол көрсеткіштерді салыстырыңыз. Ұсыныстың бірнеше нұсқасын дайындасаңыз, әрқайсын бөлек тексеріңіз: баға, мәтін немесе соңғы кадр өзгерсе, композиция да өзгереді.

Осылайша маркетолог креативті келісуге қажет дәлелдер алады, ал дизайнер ролик операторға жіберілмей тұрып не істеу керегін нақты біледі.

Креатив пен жарнама орналастыру нәтижелері бөлек бағаланады.

Бағалар мен назар картасы креативті тексеруге көмектеседі; жарнама нәтижелері мен сатылым бөлек бағаланады.

Kia туралы толық есепті ашуPDF · 2 бет · орыс тілінде
КӨРСЕТІЛІМГЕ ДЕЙІН

Ролигіңізді тексеріңіз

Не жақсы жұмыс істеп тұрғанын және нені жақсартуға болатынын көріңіз.

Analyzer by METER-ді ашу ↗